Қоршаған орта

LAPP компаниясында біз тұрақты, экологиялық жауапты басқаруға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға басымдық береміз. Өзіміздің CO₂ шығарындыларын азайту мақсатында ғимараттарымыз бен өндірістік нысандарымызды ресурстарды үнемдей отырып пайдалануға ерекше мән береміз. LAPP компаниясының негізін өндіріс, әзірлеу және әкімшілік қызмет құрайды. Біз ғимараттарды тұрақты даму қағидаттарына сәйкес жобалау, салу және пайдалану бағытында үздіксіз жұмыс істейміз. Бұл үдеріске энергияны ең көп тұтынатын учаскелерді анықтау және энергия тұтынуды одан әрі оңтайландыру да кіреді.

2019 жылдан бері LAPP Германиядағы барлық нысандарында электр энергиясының 100 пайызын жаңартылатын («жасыл») көздерден сатып алып келеді, сонымен қатар өзінің фотоэлектрлік және геотермалдық жүйелерін пайдаланады. LAPP компаниясының көптеген халықаралық өндірістік алаңдарында да электр энергиясы өз фотоэлектрлік қондырғылары арқылы жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі. LAPP өндірістік кәсіпорындарының барлығы дерлік және дистрибьюторлық компаниялардың басым бөлігі ISO 14001 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған. EMEA өңіріндегі біздің жиырма компаниямыз ISO 50001 матрицалық сертификаттау жүйесі аясында энергияны басқару саласында бірлесіп жұмыс істейді. ISO 9001 стандартына сәйкес жүзеге асырылатын сапаны жүйелі басқару LAPP компаниясының жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз етеді және ең алдымен сенімділігі мен ұзақ қызмет ету мерзімі жоғары өнімдер шығаруға бағытталған.

Біздің экологиялық мақсатымыз – компания деңгейінде CO₂ шығарындыларын (Scope 1 және Scope 2, базалық жыл – 2022) 2027 жылға қарай 50%-ға қысқарту.

Климатқа қолайлы болашаққа ұмтыла отырып, біз құн қалыптастыру тізбегіне де ерекше назар аударамыз. Циркулярлық экономика қағидаттарына сәйкес LAPP серіктестерімен бірлесіп қалдықтардың пайда болуын болдырмауға және ресурстарды қайта пайдалануға бағытталған өнімдер мен өндірістік процестерді жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.

Қысқа логистикалық бағыттар және тиімді жеткізу процестері

Біздің жаһандық логистикалық орталықтарымыз бүкіл әлем бойынша қай зауыттарда қандай өнімдер өндірілетінін және олардың жаһандық немесе аймақтық ерекшеліктері бар жергілікті портфельге сәйкестігін ескере отырып, қай логистикалық орталықтарда сақталатынын үнемі үйлестіріп отырады. Бұл озық цифрлық логистикалық шешімдердің арқасында қысқа көлік бағыттарын және тиімді жеткізу процестерін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, біз өнімдерді қорғау және қауіпсіз тасымалдау үшін маңызды болып табылатын қаптаманы оңтайландыру жолдарын үнемі іздейміз. Бұл материалдарды үнемдеуге, соның ішінде қайта өңделген материалдардың жоғары үлесін пайдалануға мүмкіндік береді. LAPP компаниясы ішкі бастамалар арқылы пластикалық қаптамаларды пайдалануды азайтып, қайта өңделген шикізат үлесін арттырды.

 

Қаптаманы қысқарту, қауіпті қалдықтарды азайту.

Атап айтқанда, LAPP кабель өнімдерін қаптауда қолданылатын пластик үлдірдің қалыңдығын 80 мкм-ден 70 мкм-ге дейін азайтты.

Сонымен қатар, силиконды астарды қажет етпейтін астарсыз жапсырмаларды (linerless labels) қолданудың арқасында қауіпті қалдықтардың түзілуіне жол берілмейді. Бұдан бөлек, LAPP қайта пайдаланылатын тұтас ағаш барабандарды қайта қолдану үшін қайтарып алу қызметін ұсынады. Қайта пайдалануға жарамсыз тұтас ағаш барабандар арнайы ағаш престеу технологиясы арқылы қайта өңделеді. Осы қайта өңдеу циклі нәтижесінде LAPP ағаш қалдықтарын төрт есе азайтуға мүмкіндік береді.

Жекелеген перспективалы жобаларды іске асырумен қатар, біз циркулярлық экономиканың кешенді стратегиясын әзірлеуді мақсат етіп отырмыз.

img-teaser-environment